«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, медициналық мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

 

 

2019 жылғы 17 қыркүйекте облыстық тері-венерологиялық диспансердің медицина қызметкерлері арасында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллиннің, арнайы мониторинг тобының басшысы А.С.Туркинаның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, медициналық мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында келесі мәселелер талқыланды: Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2019-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру, облыстық тері-венерологиялық диспансерінің 2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау, денсаулық сақтау саласындағы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және олардың алдын алу талқыланды. Одан әрі, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин мен арнайы мониторингтік топтың жетекшісі А.С.Туркина облыстық тері-венерологиялық диспансердің бөлімшелерін ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның қағидаларын сақтау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережелерін сақтау және медициналық қызметтердің қол жетімділігі мәселелеріне қарап шығып, ұсыныстар берді. Дөңгелек үстел жұмысына 40 адам қатысты.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар

 

 

Диспансерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында, 2019 жылғы 8 ақпанда және 2 тамызда облыстық тері-венерологиялық диспансердің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинарлар өткізілді. Семинарларды ұйым директоры Е.В. Ольховская және заңгер Т.В.Никитина өткізді. Семинар барысында ТМККК шеңберінде және ақылы негізде медициналық көмек көрсету, диспансерінде көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті мен стандартын сақтау ережесі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес бойынша пациенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру (баннерлер, парақшалар, брошюралар), жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін мониторингілеу және бақылау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және олардың алдын алу мәселелері қаралды. Семинар соңында қызметкерлерге «2016-2019ж.ж. денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар» атты бейнеролик көрсетілді, ұйым директоры нақты тапсырмалар берді.                 

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. 

 

 

 

 

 

ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансер» МКК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары

БАСШЫЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

(БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансер» МКК)

№ п.п.

Лауазым атауы

Аты-жөні

Айлық жалақы, 2018 жыл, теңге

2017 ж. жылдық табысы, теңге

1.

директор

Ольховская Екатерина Владимировна

372302т.

5950616т.

 

 

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015 – 2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарына мониторинг жасау жөніндегі жедел есеп

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы