Хабарлама

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі өз күшіне енеді. Сіз сақтандыру бойынша медициналық көмекті қалай алатынын және МӘМС жүйесіне қатысу үшін не істеу керек екенін білесіз бе? Онда fms.kz сайтына кіріңіз немесе 1414 нөміріне тегін қоңырау шалып, толығырақ біліңіз. Сондай-ақ, МӘМС жүйесі бойынша кеңес алу үшін өзіңіз тіркелген емханаға хабарласа аласыз.

С 1 января 2020 года в Казахстане вступает в силу система обязательного медицинского страхования. Вы знаете, как будете получать медпомощь по страховке и что надо сделать для участия  в системе ОСМС?  Зайдите на сайт fms.kzили позвоните  на бесплатный номер 1414 и узнайте подробности. Также можете обратиться за консультацией по ОСМС  в свою поликлинику. 

Since January 1, 2020, the system of mandatory social health insurance (MSHI) comes into force in Kazakhstan. Do you know how you will receive medical care under insurance package and what should be done to participate in the MSHI system? Visit the website fms.kzor call the free number 1414 and learn the details. Also, you canask for consultation about MSHI issues in your polyclinic.

 

Жеделділік шақырту

ЖАДЫНАМА

Қызылша ауруы және алдын алу шарасы

Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде қызылша ауруының өршу жағдайлары орын алуда, соның ішінде Ресейде – 4185, Украинада 38 мыңнан астам, Қытайда 29 мыңнан астам, Қырғызстанда -1238 қызылша жағдайы тіркелді. Қызылшадан 68 өлім жағдайы тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша аурудың өршу себебі - бұл қызылшаға қарсы вакцинациямен аз қамтылумен байланысты.

Еуропа елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасымен шекаралас елдерде қызылша ауруының тіркелуі Қазақстанға инфекцияның әкелінуіне және қоздырғыштың циркуляциясының өсуіне алып келді. 90-шы жылдары вакцинациялауды өткізіп алған, вакцина жеткізуінің бұзылуы, егілмеген адамдардың, оның ішінде болашақ аналардың болуы - еліміздің халқы арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуіне алып келді.

Қызылша - дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы және бөртпемен сипатталатын вирустық табиғатты жіті жұқпалы ауру. Ауру көзі –ауру адам, берілу жолы – ауа-тамшы арқылы.

Қызылшаның симптомдары:

Алғашқы белгілері: жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы, жарықтан қорқу, көздің қызаруы, жас ағу (конъюнктивит), жөтел;

Негізгі белгілері: бастан бастап, одан кейін дененің төменгі бөлігіне және аяққа дейін түсіп, таралатын, бүкіл денеге бөртпе шығу, ақ (ұнтақ жарманың жиналуы сияқты) және ауыз қуысындағы қызыл дақтар.

Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ.

Қызылшадан жалғыз тиімді қорғау бұл ВАКЦИНАЦИЯ болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін қызамық және паротитті компоненттермен біріктірілген (ҚҚП) қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады.

Ұсыныстар:

- ата-аналар егер қызылшаға қарсы баласының екпесі болмаса, міндетті түрде екпе алуы қажет;

- катаралды құбылыстармен (дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, әлсіздік) аурудың алғашқы белгілері байқалса және бөртпе пайда болған кезде дәрігерге міндетті түрде қаралу, қызылша ауруына тексеруден өту және оның барлық нұсқауларын орындау.

Қызылша ауруы бастапқы белгілері әдеттегі салқын тию ауруларына өте ұқсас, сондықтан дәрігерге қаралу міндетті. Ата-аналар салқын тию ауруларына ұқсас белгілері бар балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарына, мектептерге жібермеуі тиіс. Балаңыздың денсаулығына мұқият қарауыңызды сұраймын.

ҚҰРМЕТТІ АТА – АНАЛАР!

БАЛАҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА!

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН, АУРУДЫ ЕМДЕУДЕН ГӨРІ АЛДЫН АЛУ ӘРҚАШАН ОҢАЙ!

Батыс Қазақстан облысы

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

 

 

Хабарландыру!

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық тері-венерологиялық диспансер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ақылы негізде терінің қатерсіз жаңа өспелерін (папиллома, сүйел, контагиозды ұлу) жоюға арналған криотерапия ем шарасын, фототерапия инновациялық әдісімен қотырды (псориаз) және ақтаңдақты (витилиго) емдеуді, сондай-ақ дерматоскопия әдісімен терідегі жаңа өспелерді диагностикалауды жүргізеді. Науқастарды жоғары білікті мамандар қабылдайды. Біздің мекен жайымыз: Орал қаласы, Достық даңғылы, 127 үй. Барлық сұрақтарыңыз бойынша  50-92-47, 24-37-74 телефондары арқылы хабарласа аласыз. 

 -----------------------------------------------------------------------------------------

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары: антибиотиктерді бақылаусыз қабылдамаңыз #ҚДСҰО

Хабарландыру!

ШЖҚ "Облыстық тері-венерологиялық диспансер" МКК криотерапияны жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды. Криотерапия - бұл дененің жекелеген учаскелеріне салқынмен әсер ету. Осы әдістің көмегімен сүйелдерді және папилломаларды кетіруге болады. Криотерапия емшарасын амбулатория бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-дерматовенеролог Хайрекешова Анар Серікқызы жүргізеді. Дәрігердің консультациясы - балалар үшін - 1200 теңге, ересектер үшін -1500 теңге, сүйелдер мен папилломаларды кетіру-350 теңге. Қабылдау уақыты - сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін.

 

Құрметті азаматтар!

Құрметті пациенттер!

Елімізде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жоғары технологиялық медициналық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттің тиімді әлеуметтік-экономикалық саясатының арқасында біздің елімізде әлі де жетілдірілмеген немесе көрсетілмейтін жоғары технологиялық қызметтерді алу үшін пациенттерді шетелде ем алуға жолдау мүкіндіктері жүзеге асырылды.

Бұл бағдарлама қиын ауруларға медициналық көмекке қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Егер Сізде немесе сіздің балаңыздаҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген аурулардың тізбесіне(бұдан әрі –Тізім) енгізілген аурулар болған жағдайда бюджет қаражаты есебіненшетелде ем ала аласыз (нормативтік құқықтық актілерге сілтеме).

Жоғарыда келтірілген тізімге кіретін ауру расталған жағдайда, сондай-ақ, медициналық мекемелерде қолдануға рұқсат етілген барлық диагностикалау қолданылса және емдеудің әдістеріоң әсері болмаған жағдайда, Сіз тұрғылықты жеріңіздегі бейінді маманға бейінді республикалық денсаулық сақтау ұйымына жолдама алу үшін жүгінуіңізге болады.

Сәйкесінше, республикалық ұйым пациенттің құжаттары мен шетелде емделу қажеттілігі туралы қортындыны Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жіберу туралы Жұмыс тобына (бұдан әрі - Жұмыс тобы) енгізеді.

Науқастың құжаттар пакетін алған күннен бастап Жұмыс тобы шетелде емделуге өтініш берген науқастардың күту коды тізіміне пациент туралы деректерді Күту тізіміне енгізеді және шетелдік клиникалар іздестіруді жүзеге асырады.

Құжатты қарау туралы толық ақпарат алу үшін сіз “Univercity Medical center” корпоративтік қорының umc.org.kz ресми сайтына тіркеліп, Жеке кабинет құруыңыз қажет.

Шетелге емделуге жіберу туралы шешімді Қазақстан Республикасының азаматтарын жіберу бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Комиссиясы Жұмыс тобыныңжолдау маңыздығы мен кезектілікті есепке ала отырып ұсынған құжаттар пакетінің негізінде қабылдайды.

Комиссияның оң шешімі қабылданған жағдайда Жұмыс тобы шетелдік медициналық ұйымдармен бюджет қаражаты есебінен медициналық қызмет көрсету үшін келісім жасасады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Жұмыс тобының мамандарына хабарласа аласыз («Байланыс ақпараты» сілтемесі).

МӘМС ролигі

МӘМС-ды 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты төлемдер мен жарналарды қалай төлей аламыз?

Инсульттың белгілері

e-gov ролигі

Анимациялық ролик

Буклеттер

Баннерлер

Азаматтардың өтініштері - Халыққа қызмет көрсету орталығы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры емханалар мен ауруханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша әзірлеп шықты

 

«ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ОТАНЫҢДЫ ӘЛЕМГЕ ЖАҚЫНДАТА БІЛ!

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Назарларыңызға «Қазақстан-Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады.

Қосымшаны AppStore, PlayMarket, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.

ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЛЕМГЕ ПАШ ЕТЕЙІК!

Қосымшаға келесі сілтеме арқылы өте аласыз: http://bit.ly/28PArej 

 

«Біздің денсаулығымыз  өз қолымызда!» ұранымен Саламатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына арналған «Денсаулық  фестивалін» өткізу бойынша іс-шаралар жоспары

Паразиттік аурулардың алдын алу (қышыма, педикулёз, терінің және бастың шаш бөлігінің саңырауқұлақтық аурулары).

 

Бизнес – процесс «Аккредитация субъектов здравоохранения»

Преимущество Единого Call-центра

Бірыңғай Call-орталықтың артықшылығы

Маршрут оформления инвалидности

Лечение граждан Республики Казахстан за рубежом за счет бюджетных средств

Рассмотрение обращений граждан РК по вопросам здравоохранения

Список зарубежных клиник, осуществляющих лечение граждан Республики Казахстан в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи

Модель выявления побочных эффектов после вакцинации

Вопросы ОСМС