Warning: Division by zero in /var/www/vhosts/v-11399.webspace/www/kojven-bko.kz/templates/g5_hydrogen/html/com_content/category/blog.php on line 75

Warning: Division by zero in /var/www/vhosts/v-11399.webspace/www/kojven-bko.kz/templates/g5_hydrogen/html/com_content/category/blog.php on line 75

Warning: Division by zero in /var/www/vhosts/v-11399.webspace/www/kojven-bko.kz/templates/g5_hydrogen/html/com_content/category/blog.php on line 75

2019 жылғы 21 қазанда дәрігер-дерматовенеролог Есенғалиев Берік Базекеевич өзінің 65 жастық мерейтойын атап өтеді. Бүгін әріптестер мерейтой иесін, еңбек ардагерін құттықтап, үздік жұмысы үшін, кәсібіне адалдығы үшін алғыс білдірді. Б.Б.Есенғалиев 1977 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітіріп, Орал тері-венерологиялық диспансеріне дерматовенеролог-дәрігер жіберілді. 1989 жылы диспансердің амбулаторлық бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалды, 2002-2018 жылдар аралығында стационарлық бөлімшенің меңгерушісі қызметін атқарды. Қазіргі уақытта  Берік Базекеевичтің медициналық жұмыс өтілі 42 жылды құрайды, оның еңбек кітапшасында тері-венерологиялық диспансерге  дәрігер-дерматовенеролог жұмысқа қабылдау туралы жалғыз ғана жазбасы бар. 2018 жылы Медицина қызметкері күніне орай денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Мінезінің ашықтығымен, мол адами қасиеттері және зор кәсіби тәжірибесімен әріптестерінің және пациенттердің арасында құрметке ие.

Осы күзгі күні диспансер ұжымы фельдшер-зертханашы Хаирова Айнұр Уразовнаны туған күнімен құттықтады. Біз бүгінгі туған күн иелеріне көтеріңкі көңіл-күй, еңбектеріне табыс, отбасыларына береке мен молшылық тілейміз! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, әрқашанда армандарыңыз орындалып, өмір жаңа жарқын көкжиектерімен қуанта берсін!

       

29 қазан - Дүниежүзілік Псориаз күні қарсаңында облыстық тері-венерологиялық диспансерде 2019 жылғы 23 және 29 қазан күндері сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін алдын ала жазылусыз және аумақтық емхананың жолдамасынсыз, тері және венерологиялық ауруларға тексеруге дәрігер-дерматовенерологтардың консультациясы бар Ашық есік күні өткізіледі.

Құрметпен, ОКВД әкімшілігі

 

 

2019 жылдың 1 қазанында облыстық тері-венерологиялық диспансерінде 1 қазан-Халықаралық қарттар күніне орай ұйым ардагерлерін құттықтау мақсатында салтанатты жиналыс өтті. Ардагерлеріміздің маңдайындағы ақ шаштары - олардың жасын ғана емес, шексіз даналықты, зор тәжірибені және үлкен танымды білдіреді. Біз ардагерлерге ұзақ және бақытты жылдар тілейміз. Жасыңызға қарамастан, сіздердің жаныңыз әрқашан жас және жігерлі бола берсін дейміз. Еңбектеріңіз үшін үлкен рахмет!