2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуіне байланысты, ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансері» МКК-ның амбулаториялық-емханалық бөлімшесінде дерматовенеролог дәрігерлердің науқастарды қабылдауы және консультациясы тіркелген жері бойынша аумақтық емхананың жолдамасынсыз алдын ала жазылу бойынша жүргізілетін болады. Дерматовенеролог-дәрігердің қабылдауына тіркеу бөлімінің 50-92-47, 50-01-91 телефоны бойынша немесе k-vrachu.kz мобильдік қосымшасы арқылы жазылуға болады.

Құрметпен, ОКВД әкімшілігі