2019 жылғы 21 қазанда дәрігер-дерматовенеролог Есенғалиев Берік Базекеевич өзінің 65 жастық мерейтойын атап өтеді. Бүгін әріптестер мерейтой иесін, еңбек ардагерін құттықтап, үздік жұмысы үшін, кәсібіне адалдығы үшін алғыс білдірді. Б.Б.Есенғалиев 1977 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітіріп, Орал тері-венерологиялық диспансеріне дерматовенеролог-дәрігер жіберілді. 1989 жылы диспансердің амбулаторлық бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалды, 2002-2018 жылдар аралығында стационарлық бөлімшенің меңгерушісі қызметін атқарды. Қазіргі уақытта  Берік Базекеевичтің медициналық жұмыс өтілі 42 жылды құрайды, оның еңбек кітапшасында тері-венерологиялық диспансерге  дәрігер-дерматовенеролог жұмысқа қабылдау туралы жалғыз ғана жазбасы бар. 2018 жылы Медицина қызметкері күніне орай денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Мінезінің ашықтығымен, мол адами қасиеттері және зор кәсіби тәжірибесімен әріптестерінің және пациенттердің арасында құрметке ие.

Осы күзгі күні диспансер ұжымы фельдшер-зертханашы Хаирова Айнұр Уразовнаны туған күнімен құттықтады. Біз бүгінгі туған күн иелеріне көтеріңкі көңіл-күй, еңбектеріне табыс, отбасыларына береке мен молшылық тілейміз! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, әрқашанда армандарыңыз орындалып, өмір жаңа жарқын көкжиектерімен қуанта берсін!