ШЖҚ “Облыстық тері-венерологиялық диспаснер” МКК-да функциясына медициналық көмек көрсетудің тәртібін бұзу фактілерін анықтау кіретін Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі (ПҚжІБҚ) жұмыс істейді.

Комиссия құрамында 7 адам бар: ПҚжІБҚ бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-сарапшы, эпидемиолог, экономист, провизор, заңгер, БАҚ-қа мониторинг жүргізу жөніндегі маман. Облыстық тері-венерологиялық диспансердің ПҚжІБҚ меңгерушісі болып жоғары санатты дәрігер-дерматовенеролог, мамандығы бойынша 26 жұмыс өтілі бар Кабардинская Лариса Игоревна тағайындалған.

Егер Сіз:

- көрсетілген медициналық көмек сапасына қанағаттанбасаңыз;

- медициналық персонал тарапынан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақша бопсалау фактілеріне кезіксеңіз;

- сондай-ақ медициналық көмек көрсетудің тәртібі мен сапасына қатысты басқа да проблемаларға кезіксеңіз, онда Сіз Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметіне жүгіне аласыз.

Пациенттердің құқықтарын қорғау мақсатында Облыстық тері-венерологиялық диспансерде мыналар жұмыс істейді:

· ОТВД “сенім телефоны” – 50-05-18, бұл нөмір бойынша медициналық персоналдың қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлауға болады;

· ПҚжІБҚ бөлімшесінің меңгерушісі Л.И. Кабардинскаяға сағат 8.00-ден 17.00ге дейін №2 кабинетке тікелей жолыға аласыз;

· аты-жөніңізді, байланыс деректемелеріңізді (телефон, мекенжай) көрсете отырып, жазбалай өтінішіңізді «Арыз-шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне» қалдыра аласыз

· №5 қалалық емхана базасында орналасқан пациенттердің барлық сұрақтарын шеше алатын білікті мамандармен қамтамасыз етілген бірыңғай 24-00-06 нөмірі бойынша “call-орталығына” жүгінуге болады;

· біздің ұйымның kojven-bko.kz сайтындағы бірінші басшының “блог - платформасына” жүгіне аласыз.

Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі қысқа мерзім ішінде өтінішіңізді қарап, Сізге күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өтінішіңізді қарауды нәтижелері мен қабылданғанған шаралар туралы ұсынады.

Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі бөлімшесінің меңгерушісі   Л.И. Кабардинская