19.12.2018ж.  бос жұмыс орындары.

БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансері» МКК-ы бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.

1.Дәрігер-дерматовенеролог – 1 мөлшерлеме.

Қойылатын талаптар: емдеу ісі мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі,  дерматовенерология бойынша біліктілік санаты болуы тиіс. Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі, дербес компьютерді білуі, кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы қажет.

2.Заңгер - 0,5 мөлшерлеме.

Қойылатын талаптар: «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімі болуы тиіс. Нормативтік-құқықтық актілерді, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларды, дербес компьютер мен бағдарламаларды, ақпараттық жүйелерді  білуі қажет. Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі, кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: БҚО, Орал қаласы, Достық даңғылы, 127-үй, №6 кабинет, тел.50-45-92.