БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансері» МКК-ның 2021 жылғы 01 қаңтардан 2021 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезең қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында Облыстық тері-венерологиялық диспансерде директордың 19.03.2021ж. №81 бұйрығы негізінде Комплаенс-қызметі құрылды. Комплаенс-қызметі ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансер» МКК-ның (бұдан әрі - ОТВД) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша, парасаттылық пен этиканы сақтау мәселелері бойынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және төмендету бойынша, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі бағыттарын іске асыруды ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Комплаенс құрылымына басшы, қызмет басшысының орынбасары және 5 комплаенс-менеджер (амбулаториялық бөлімшенің меңгерушісі, заңгер, кадр бөлімінің инспекторы, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, бас медбике) кіреді. Қызмет бағыттары бойынша комплаенс-менеджерлердің функционалдық міндеттері мынадай ретте бөлінген:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуына мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау, ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансер» МКК-ғы мүдделер қақтығыстары бойынша – заңгер И.С.Акатов.

2. ОТВД қызметкерлері мен пациенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу, ұйым қызметкерлерінің этикалық нормалар кодексі мен мінез-құлық ережелерін сақтауы, назар қою белгілері мен сыйлықтар алудың жолын кесу бойынша – амбулатория бөлімшесінің меңгерушісі А.С.Хайрекешова, бас медбике Г.Т.Сембиева.

3. Ықтимал сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар туралы әлеуметтік желілер және сенім телефоны арқылы келіп түскен хабарламалар бойынша ішкі тексеріс жүргізу және жауап қайтару – пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі бөлімшесінің меңгерушісі Л.И.Кабардинская.

4. Персоналды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалдау мәселелері, дербес деректерді қорғау және ақпараттың құпиялылығы, мүдделер қақтығысы бойынша – кадрлар бөлімінің инспекторы Н.Н.Янцюк.

Қызметкерлер мен пациенттер ОТВД-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтың бары немесе ықтимал мүмкіндігі туралы ақпаратты немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды 50-05-18, 51-54-51 сенім телефондары арқылы хабарлай алады.

 

Е.В.Ольховская сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуының және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөнінде баяндама жасады

ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансер» МКК директоры Е.В.Ольховская 2021 жылғы 04 наурыз күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансер» МКК-ы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуының және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөнінде баяндама жасады.

 

ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансер» МКК-да 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті және ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалаудың арнайы мониторингтік тобы өкілдерімен кездесу

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру мақсатында 2021 жылғы 25 ақпанда ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансер» МКК медицина қызметкерлерімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің өкілі Б.М. Хайруллинмен және БҚО арнайы мониторингтік тобының жетекшісі В.С.Колпаковпен онлайн-форматта кездесу өтті. Онлайн-кездесу барысында диспансердің директоры Е.В.Ольховская 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны және ұйымдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды іске асыру нәтижелерін, 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын айтып өтті. Стационарлық бөлімшенің меңгерушісі Г.Б.Ажгалиев дәрілік заттар мен медициналық жабдықтарды сатып алудың проблемалық мәселелерін көтерді. Кездесу қорытындысы бойынша АМТ басшысы В.С.Колпаков және басшының орынбасары Г.С.Ищанов уәкілетті органға (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі) АМТ деңгейінде одан әрі ұсыну үшін денсаулық сақтаудағы мемлекеттік сатып алудың проблемалық мәселелері бойынша хат дайындауды ұсынды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша одан әрі ұсынымдар мен ұсыныстар берілді.

       

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары

БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансер» МКК-ның 2020 жылдың 10 айындағы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері және медициналық ұйымның 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарының орындалуы бойынша талдамалық анықтама

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар

2020 жылдың 03 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Облыстық тері-венерологиялық диспансерінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсету ережелері, мемлекеттік қызметтер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін бақылау және мониторинг мәселелері қаралды. Диспансердің заңгері Т.В. Никитина 2019 жылғы және 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасады. ОКВД директоры Е.В.Ольховская халыққа медициналық көмек көрсету кезінде фарм.компаниялар мен жеке зертханалардың мүдделерін қолдаудың алдын алу және жолын кесуге, мемлекеттік сатып алуды өткізу саласындағы НҚА-ны қатаң орындауға назар аударды. Семинар жұмысына 45 адам қатысты.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өткізілді

2020 жылдың 10 қаңтарында Облыстық тері-венерологиялық диспансерінің қызметкерлері арасында 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында ТМККК және МӘМС шеңберінде дерматовенерологиялық бейін бойынша халыққа медициналық көмек көрсету, сондай-ақ ақылы негізде диспансерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламенті мен стандартын сақтау, пациенттер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру (баннерлер, парақшалар, брошюралар), жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін мониторингілеу және бақылау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және олардың алдын-алу мәселелері қаралды. Семинар соңында қызметкерлерге "2016-2019 ж.ж. денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар" бейнеролигі көрсетіліп, ұйым директоры Е.В. Ольховская нақты тапсырмалар берді. Семинар жұмысына 48 адам қатысты.

 

ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансер» МКК-ның 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, медициналық мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

 

 

2019 жылғы 17 қыркүйекте облыстық тері-венерологиялық диспансердің медицина қызметкерлері арасында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллиннің, арнайы мониторинг тобының басшысы А.С.Туркинаның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, медициналық мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында келесі мәселелер талқыланды: Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2019-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру, облыстық тері-венерологиялық диспансерінің 2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау, денсаулық сақтау саласындағы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және олардың алдын алу талқыланды. Одан әрі, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин мен арнайы мониторингтік топтың жетекшісі А.С.Туркина облыстық тері-венерологиялық диспансердің бөлімшелерін ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның қағидаларын сақтау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережелерін сақтау және медициналық қызметтердің қол жетімділігі мәселелеріне қарап шығып, ұсыныстар берді. Дөңгелек үстел жұмысына 40 адам қатысты.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар

 

 

Диспансерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында, 2019 жылғы 8 ақпанда және 2 тамызда облыстық тері-венерологиялық диспансердің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинарлар өткізілді. Семинарларды ұйым директоры Е.В. Ольховская және заңгер Т.В.Никитина өткізді. Семинар барысында ТМККК шеңберінде және ақылы негізде медициналық көмек көрсету, диспансерінде көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті мен стандартын сақтау ережесі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес бойынша пациенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру (баннерлер, парақшалар, брошюралар), жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін мониторингілеу және бақылау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және олардың алдын алу мәселелері қаралды. Семинар соңында қызметкерлерге «2016-2019ж.ж. денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар» атты бейнеролик көрсетілді, ұйым директоры нақты тапсырмалар берді.                 

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. 

 

 

 

 

 

ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансер» МКК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары

БАСШЫЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

(БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансер» МКК)

№ п.п.

Лауазым атауы

Аты-жөні

Айлық жалақы, 2018 жыл, теңге

2017 ж. жылдық табысы, теңге

1.

директор

Ольховская Екатерина Владимировна

372302т.

5950616т.

 

 

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015 – 2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарына мониторинг жасау жөніндегі жедел есеп

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы