2021 жылғы 20 наурызда Наурыз мерекесі қарсаңында Облыстық тері-венерологиялық диспансерде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, ұйым қызметкерлері адал және ынталы еңбектері үшін марапаттады. Ұйым директоры Ольховская Екатерина Владимировна «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік одағының Қазақстандық облыстық филиалы мен диспансер әкімшілігінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті. Ұйымның екі медицина қызметкеріне «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалынан «Алтындар» супермаркеттер желісінде тауар сатып алуға 10.000 теңге сомасына сертификаттар табысталды. Барлық марапатталғандарды лайықты марапатымен құттықтаймыз, оларға табыс және одан әрі жемісті жұмыс тілейміз.

Облыстық тері-венерологиялық диспансерінің ұжымы барлық қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтайды, денсаулық, жақсылық, бейбітшілік, отбасылық амандық және барлық ой-жоспарлардың орындалуын тілейді! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

Іс-шара соңында, директор Е.В.Ольховская коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің сақталуы жағдайында санитарлық нормалар мен ережелерді орындау, мереке күндері адамдардың көп жиналуын болдырмау қажеттігін еске салды.