2022 жылғы 6-7 сәуірде Алматы қаласында халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен Ж.А.Оразымбетова атындағы III дерматологиялық оқуларға Облыстық тері-венерологиялық диспансерінің дәрігерлері А.С.Хайрекешова және О.О.Жантлеуова қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушы – «Дерматовенерологтар, дерматокосметологтар және лепрологтар қоғамы» ҚБ және «ҚРМУ» ҰҚУ дерматовенерология курсы бар фтизиатрия кафедрасымен бірлесіп ҚР ДСМ «Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК болып табылады. Дерматологиялық оқулар – бұл дерматовенерологиялық қызметтің клиницистерін, ғалымдар саңлақтарын тәрбиелеген мұғалім, ғалым, профессор, белгілі дәрігер дерматовенеролог Жұмагүл Әбішқызы Оразымбетованы еске алуға арналған жыл сайынғы іс-шара. Іс-шара форматы - дерматовенерология, дерматокосметология және аралас мамандықтар саласында пациенттерге медициналық көмек көрсету кезінде ғылыми қарым-қатынас жасау, пәнаралық өзара іс-қимыл жасау, практикалық тәжірибе алмасу және оларды енгізу үшін тұрақты жұмыс істейтін алаң.