Меланома және тері обыры туралы хабардар болу айлығын өткізу шеңберінде ШЖҚ "Облыстық тері-венерологиялық диспансер" МКК-ы 2022 жылғы 12 мамырда сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін ұйым базасында "Меланома және терінің басқа да ісіктерін диагностикалау күні" акциясы өтетінін хабарлайды, онда әрбір ниет білдіруші сақтандырылу мәртебесіне қарамастан дәрігер-дерматовенерологтың консультациясын ала алады және тері ісіктерінің (мең, пигментті дақтар және терідегі басқа да ісіктер) дерматоскопиясынан өте алады.