Медицина қызметкерлері күні қарсаңында 2022 жылғы 17 маусымда Облыстық тері-венерологиялық диспансерде салтанатты жиналыс өтті.

Диспансердің директоры Е.В.Ольховская әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, жақсы көңіл-күй, отбасылық амандық, бейбітшілік, жақсылық, жұмыста табыс және біздің қызметке жаңа жетістіктер тіледі.

Кәсіби мереке құрметіне қызметкерлер Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Біздің мерейтой иелері де назардан тыс қалған жоқ.

 

Барлық әріптестерімізді Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз. Әріптерімізге үміттер мен армандардың орындалуын, сүйікті іспен айналысудан қуаныш, ал әрбір жұмыс күні кәсіби өсу мен дамуға бағытталған қадам болуын тілейміз.