2022 жылдың 17 маусымында Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда кәсіби мерекеге арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Амбулаториялық бөлімшенің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-дерматовенеролог Хайрекешова Анар Серікқызы "Денсаулық сақтау үздігі" төсбелгісіне ие болса, дәрігер дерматовенеролог Утешева Ғазиза Нұржанқызы БҚО әкімі Ғ.Н.Есқалиевтің атынан Алғыс хатпен марапатталды. Облыстық тері-венерологиялық диспансерінің ұжымы өз әріптестерін лайықты марапаттарымен құттықтайды, табыс, өмірде амандық және ұзақ жылдар бойы кәсіби қызмет тілейді!